2026 жылғы 26 тамызда Атырау бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Атырау магистральдық желі бөлімшесі» Атырау станциясының жұмысшылары арасында «Жұмыс орнындағы қауіпсіздік және эргономика, бруцеллез бен БСГҚ-ның алдын алу» тақырыбында семинар өткізді. Семинардың мақсаты – жұмыс орнында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және жұқпалы аурулардың алдын алу жөнінде түсінік беру. Семинар барысында жұмыс кезінде қызметкерлерге зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болдырмайтын жағдайлар, еңбек тиімділігін арттыру, денсаулықты сақтау, қауіпсіздік ережелерін сақтау, кәсіптік аурулардың, бруцеллездің және бүйрек синдромды геморрагиялық қызбаның алдын алу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, қатысушыларға еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жұмыс барысында қысқа үзілістер жасап, дене жаттығуларын орындау және жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша ұсыныстар берілді. Семинар барысында қойылған сұрақтарға толық жауаптар беріліп, өзекті тақырыптар бойынша буклеттер мен жадынамалар таратылды.
Жұмыс орнындағы қауіпсіздік және эргономика, бруцеллез бен БСГҚ-ның алдын алу бойынша семинар өткізілді