Петропавл қаласында облыстық ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Петропавл қаласында облыстық ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

 23 қазанда Петропавл қаласында халықты қолжетімді бағамен сапалы азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуге бағытталған облыстық ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде жылқы еті, сиыр еті, қой еті, құс еті, сүт өнімдері, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларына арналған азық өнімдері ұсынылды. Мұндай жәрмеңкелер отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдауға, жергілікті өндірісті дамытуға және халықты қажетті азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-osh/press/news/details/1318038?lang=kk