Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Петропавл қаласындағы жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынды

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Петропавл қаласындағы жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынды

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Петропавл қаласында өткен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне қатысып, қала тұрғындары мен қонақтарына жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өнімдерінің кең ассортиментін ұсынды.

Жәрмеңкеге жергілікті өндірістің әртүрлі өнімдері жеткізілді: ұн, картоп, қырыққабат, пияз, сәбіз, бал, ет, сары май, шұжық өнімдері және т.б. Өнімнің сапасына, балғындығына және сатып алушылар үшін қолжетімділігіне ерекше назар аударылды.

Жәрмеңке қала тұрғындарының үлкен қызығушылығын тудырды. Жоғары сұраныстың арқасында әкелінген барлық өнім сатылды.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне белсенді қатысып, өнімдерін лайықты ұсынғаны үшін келесі тауар өндірушілерге шынайы алғысымызды білдіреміз: «Астықжер» ЖШС; «Qaz Grain Global Impex» ЖШС; «ES Global Agro» ЖШС; «Атамекен Агро Целинный» ЖШС, «Щуцкая Л. Р.» ЖК; «Мансур» ЖК; «Қалдыбай М. Қ.» ЖК.

Сондай-ақ жәрмеңкенің барлық қатысушыларына еңбектері, бастамашылығы, жауапкершілігі және отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін ілгерілетуге қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз.

Ауданның жәрмеңкеге қатысуы жергілікті өндірушілер мен ұйымдастырушылардың бірлескен жұмысының сәтті нәтижесі болды.

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/gmusrep-op/press/news/details/1318023?lang=kk