Түркістан облысының прокурорлары ауыл шаруашылығы саласындағы миллиондаған субсидияларды жымқыру деректерін анықтады

Түркістан облысының прокурорлары ауыл шаруашылығы саласындағы миллиондаған субсидияларды жымқыру деректерін анықтады

        Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасын тексеру жүйелі заң бұзушылықтар мен 1 млрд теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады.

        Атап айтқанда, Сайрам ауданының шаруа қожалықтары жалған мәліметтер мен құжаттарды ұсыну арқылы өндірілген сүт көлемін нақты көрсеткіштерден 8 есеге заңсыз арттырған.

        Тексеру нәтижесі бойынша субсидияларды жымқырудың 2 фактісі СДТБТ-ға тіркеліп (аса ірі мөлшердегі алаяқтық), сотқа дейінгі тергеп-тексеру облыстың арнайы прокурорларына тапсырылды.

        Қазіргі уақытта 4 күдіктіге қатысты 1 қылмыстық іс аяқталып, бюджетке 40 млн теңге қайтарылды, сондай-ақ күдіктілердің құны 100 млн теңгеден асатын мүлкіне тыйым салынды.

        Екінші қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

                                                                                Түркістан облысының прокуратурасы

 

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-turkestan/press/news/details/1318021?lang=kk