Мемлекеттік қызметшілер салтанатты түрде ант қабылдады

Мемлекеттік қызметшілер салтанатты түрде ант қабылдады

Аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Республика күніне арналған салтанатты іс-шара аясында мемлекеттік қызметке жаңадан тағайындалған қызметшілердің ант қабылдау рәсімі өтті.

Салтанатты түрде ант қабылдағандар:

▪️ Нұрсұлтан Маратұлы Бижанов — Жарқайың ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы;

▪️ Вероника Владимировна Хван — Жарқайың ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы;

▪️ Александр Иосифович Комогоров — Жарқайың ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы.

Мемлекеттік қызметшілерге кәсіби қызметте табыс, толағай жетістіктер және ел игілігі жолындағы еңбектеріне сәттілік тілейміз!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zharkain/press/news/details/1318018?lang=kk