Қауіпсіз жол — әрқайсымыздың жауапкершілігімізден басталады
25–30 қазан аралығында Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге Абай және Павлодар облыстарынан қосымша патрульдік полиция экипаждары жұмылдырылды.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу мен жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Полицейлер жүргізушілерге жол жүрісі қағидаларын түсіндіріп, рөлде мұқият болуға және жол жағдайын ескеруге шақырады.
Басты мақсат — қауіпті жағдайлардың алдын алып, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Жолдағы қауіпсіздік әрбір азаматтың мұқияттылығы мен жауапкершілігіне байланысты.
Заң мен тәртіп — бәріне ортақ.
ШҚО ПД баспасөз қызметі