2026 жылғы 10 қазанда Ұйғыр аудандық мәслихатының кезектен тыс LXVІІІ сессиясы өтті

2026 жылғы 10 қазанда Ұйғыр аудандық мәслихатының кезектен тыс LXVІІІ сессиясы өтті

2026 жылғы 10 қазанда Ұйғыр аудандық мәслихатының кезектен тыс LXVІІІ сессиясы өтті.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

  1. Ұйғыр аудандық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы «Ұйғыр ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 8-54-247 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Хабарламашы – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Д.Ызғарбек);
  2. Ұйғыр ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы (Хабарламашы – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Д.Ызғарбек);
  3. Аудандық бюджеттік комиссиясын бекіту туралы (Хабарламашы – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Д.Ызғарбек)
  4. Ұйғыр аудандық мәслихатының 2026 жылғы 29 сәуірдегі «Аудандық жер учаскелерін беру және сауда-саттықты (аукциондарды, конкурстарды) ұйымдастыру бойынша жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» № 8-60-281 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Хабарламашы – аудан әкімінің орынбасары С.Жүмәділ);
  5. Аудан әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы (Хабарламашы – аудан әкімінің орынбасары Е.Толымбекұлы);
  6. Ұйғыр ауданы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің құрамын бекіту туралы (Хабарламашы – аудан әкімінің орынбасары Е.Толымбекұлы);
  7. Ұйғыр ауданы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы (Хабарламашы – аудан әкімінің орынбасары Е.Толымбекұлы);
  8. Аудан әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің құрамын бекіту туралы (Хабарламашы – аудан әкімінің орынбасары Е.Толымбекұлы);
  9. Ұйғыр аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 17 қаңтардағы «Ұйғыр аудандық округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» №7-37-169 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Хабарламашы – аудандық мәслихат аппаратының басшысы А. Манапова);
  10. Ұйғыр аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 25 желтоқсандағы «Ұйғыр аудандық учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» №8-14-78 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Хабарламашы – аудандық мәслихат аппаратының басшысы А. Манапова).

Қаралған мәселелер бойынша ұсыныс, пікірлер айтылып, тиісті шешімдер қабылданды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-uigur/press/news/details/1317890?lang=kk