Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарын Республика күнімен құттықтап, бұл айтулы күннің бүкіл халық үшін ерекше мән-мағынасы мен қастерлі сипатын атап өтті.

https://www.instagram.com/reel/De3jJOOREFk/?rpxt=MTAyNWo3cG9kdXpmcQ==

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарын Республика күнімен құттықтап, бұл айтулы күннің бүкіл халық үшін ерекше мән-мағынасы мен қастерлі сипатын атап өтті. Мемлекет басшысы 25 қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы декларацияның тарихи маңыздылығына тоқталып, бұл күнді Ұлы даладағы мемлекеттілік дәстүрінің қайта жаңғыруы деп бағалады. Сондай-ақ, Президент биылғы ұлттық мерекенің ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында өтіп жатқанын тілге тиек етіп, Қазақстанның әлем қауымдастығында құрметке ие, қарқынды дамып келе жатқан мемлекет ретіндегі жетістіктерін атап өтті.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aitekebi/press/news/details/1317855?lang=kk