25 қазан – Республика күніне орай Байғанин ауданындағы Тәуелсіздік саябағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру салтанатты рәсімі өтті.
🔹Салтанатты шараға аудан әкімі Айбек Купенов, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, құқық қорғау органдарының басшылары мен қызметкерлері, жастар және қоғам өкілдері қатысты.
🔹Шарада аудан әкімі Айбек Купенов жиналған қауымды Республика күнімен құттықтап, мемлекеттік тәуелсіздіктің маңызы, ел бірлігі мен еліміздің өркендеуі жолындағы ортақ жауапкершілік туралы атап өтті.
🔹Салтанатты рәсімде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалып, көк байрағымыз биікке көтерілді.
🔹Мемлекеттік Ту – тәуелсіздігіміздің, егемендігіміздің және ұлттық бірлігіміздің айқын нышаны.
🔹Көк байрағымыз әрдайым биікте желбіреп, еліміздің мерейі үстем болсын!
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1317829?lang=kk