Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қарағанды облысы бойынша өкілі К. М. Бейсенбеков өңірдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандарды жеке қабылдады.
Өтініштердің басым бөлігі медициналық көмек көрсету, уақтылы медициналық тексеруден өту және қажетті емдеумен қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты болды.
Жеке қабылдау барысында медициналық тексеруден өтуді және бейінді мамандардың консультациясын қажет ететін сотталғандардың өтініштері тіркелді. Көтерілген мәселелер бойынша тиісті ұсынымдар берілді.
Сондай-ақ сотталғандардың құқықтарын сақтау, оларды ұстау жағдайлары және адамгершілікке сай қарым-қатынас жасау кепілдіктерін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Жеке қабылдау қорытындысы бойынша қажетті түсіндірмелер беріліп, қосымша зерделеуді және шаралар қабылдауды талап ететін мәселелер бақылауға алынды.