Аудандық мәслихат депутаттарын марапаттау

Аудандық мәслихат депутаттарын марапаттау
2026 жылғы 12 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды. Бүгін мәслихаттың қызмет қорытындылары және өкілді әрі атқарушы билік тармақтарының бірлескен жұмысының нәтижелері қорытындыланды.
Есепті кезеңде мәслихаттың 41 сессиясы өткізіліп, оның қорытындысы бойынша 360 шешім қабылданды, оның ішінде 38 нормативтік құқықтық акт бар.
Депутаттық корпус пен атқарушы билік арасындағы сындарлы өзара іс-қимылды ерекше атап өткім келеді. Бірлескен жұмыс азаматтардың өтініштерін уақтылы қарауға, өзекті мәселелерді талқылауға және оларды шешу жолдарын табуға мүмкіндік береді.
Депутаттарға жемісті еңбегі, белсенді азаматтық ұстанымы және Солтүстік Қазақстан облысының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін шынайы алғысымды білдіремін. Жинақталған тәжірибе, кәсібилік және іске деген жауапкершілік алдағы уақытта да өңіріміз бен оның тұрғындарының игілігі үшін қызмет ететініне сенімдімін.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-timiryazev/press/news/details/1317746?lang=kk