ФАРМАЦИЯ КОМИТЕТІ: ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ РЕЦЕПТ БОЙЫНША БЕРУ ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫН БАҚЫЛАУ
Қаралым: 9
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің аумақтық департаменттері фармация нарығындағы субъектілер арасында тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, рецептімен босатылатын дәрілік заттарды беру қағидаларының сақталуын бақылайды.
2026 жылдың 9 айында дәрілік заттарды рецептісіз сату фактілері бойынша жалпы сомасы 17,2 млн теңгені құрайтын 79 әкімшілік хаттама толтырылды.
Белгіленген талаптарды бұзғаны үшін заңнамада әкімшілік жауаптылық көзделген.
Фармация комитеті дәріхана басшылары мен қызметкерлеріне рецептімен босатылатын дәрілік заттарды беру қағидаларын қатаң сақтаудың қажеттігін еске салады.
Құрметті азаматтар! Өзін-өзі емдеуден аулақ болыңыз және рецептімен берілетін дәрілік заттарды тек дәрігердің тағайындауы бойынша қабылдаңыз.
Заңнама талаптарының сақталуын бақылау – дәрімен емделуде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен халық денсаулығын қорғау жолындағы маңызды қадам!