Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Қазақстанымыздың болашағы жарқын болсын!

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Қазақстанымыздың болашағы жарқын болсын!

25 қазан – Республика күні" мерекесіне орай округтің Үшарал ауылында ұлттық мерекеге арналған салтанатты іс-шара өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – еліміздің тәуелсіздігін, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, отансүйгіштік сезімді қалыптастыру және өскелең ұрпақтың бойына елге деген құрметті сіңіру.
Мерекелік шара барысында жиналған қауымға округ әкімі Қ.Қоспағаров, округтің ардагерлер кеңесі төрағасы Т.Ибраймов құттықтау сөздер айтып, еліміздің жетістіктері мен тәуелсіздіктің қадір-қасиеті туралы тағылымды ойлар ортаға салынды. Сонымен қатар, ел бірлігі мен ынтымағын нығайту, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру мәселелеріне назар аударды. Республика күні – халқымыздың азаттығы мен елдігінің, бірлігі мен берекесінің символы. Осындай мерекелік шаралар арқылы ұлттық рухымызды көтеріп, Отанымызға деген мақтаныш сезімімізді арттыра түсеміз.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Қазақстанымыздың болашағы жарқын болсын!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-panfilov-usharal/press/news/details/1317710?lang=kk