Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев жұмыс сапарымен Қаратөбе ауданында болды.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев жұмыс сапарымен Қаратөбе ауданында болды.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев жұмыс сапарымен Қаратөбе ауданында болды. Облыс басшысы алдымен Қаратөбе ауданының 100 жылдығына орай өткізілген 100 көшет акциясына қатысып, "Жасанды интеллект" жылына орай мәдениет үйінде ұйымдастырылған білім беру саласы қызметкерлерінің тың жобаларынан жасақталған
көрмемен танысты. Сонан соң аудан тұрғындарымен кездесіп, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап, алдағы міндеттерге тоқталды. Кездесуде аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев ауданда атқарылған жұмыстар мен жүзеге асырылып жатқан жобалар жөнінде баяндады.
Жиында аудан тұрғындарының ұсыныс-пікірлері тыңдалып, көтерілген мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар берілді. Кездесуден кейін облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/press/news/details/1317667?lang=kk