️ ️⚜️Республика күні қарсаңында Ойыл ауданында “Тәуелсіздіктің 20 жылдығы” атындағы орталық саябақта Мемлекеттік Туды салтанатты түрде көтеру рәсімі өтті.
⚡️Салтанатты шараға аудан әкімі Займолдин Сәкен Ғазизұлы, аудан орталығындағы мемлекеттік мекемелер мен білім беру ұйымдарының басшылары мен ұжымдары, ардагерлер, жастар және аудан тұрғындары қатысты.
🔸️Жиналған жұрт бір мезетте Мемлекеттік Әнұранды шырқап, Отанға деген патриоттық сезімін білдірді.
🔹️Шарада аудан әкімі Сәкен Ғазизұлы сөз сөйлеп, барша ойылдықтарды Республика күні мерекесімен құттықтады.
🔸️> _«Республика күні – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін айшықтайтын ұлы мереке. Бұл – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын күн. Баршаңызды мерекемен құттықтаймын!»_ – деді аудан басшысы.
⚡️Салтанатты шара соңында аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының орындауында патриоттық әндер шырқалып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
#RepublicDayKazakhstan, #Республикакүні
25 қазан – Республика күні!
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-uil/press/news/details/1317640?lang=kk