ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ


Сарыағаш ауданына қарасты Тегісшіл ауылдық округі Таскескен елді мекенінің тұрғыны Динара Маметова үшемді дүниеге әкелді. Үшемдердің үшеуі де ұл. Нәрестелерге ата-анасы Сұлтан, Санжар және Осман деген есімдер берген.

Динара Маметова жеке кәсіппен айналысып отырған көпбалалы ана. Қазіргі таңда барлығы 7 перзент өсіріп отыр.

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов үшемнің шаңырағына арнайы барып, ата-ананы қуанышты оқиғамен құттықтады. Сәбилерге арналған сыйлықтарын табыстап, отбасыға ақжарма тілегін жеткізді.

Айта кетейік, жыл басынан бері Түркістан облысында 30 095 сәби дүниеге келген. Оның ішінде 312-сі егіздер болса, 7-еуі үшем.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызмет

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1317627?lang=kk