1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай аудан орталығында ардагерлер мен аға буын өкілдеріне арналған мерекелік басқосу ұйымдастырылды.
Аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев қарияларды мерекемен құттықтап, туған өлкенің дамуына қосқан еңбектері мен кейінгі ұрпаққа көрсетіп келе жатқан өнегелері үшін ризашылығын білдірді.
Шара барысында ақжарма тілектер айтылып, ән мен күйден шашу шашылды.
Сондай-ақ мерекеге орай елді мекендерде өткізілген шараларға аудан әкімдігінен бөлінген өкілдер арнайы қатынасып, ардагерлерді құттықтап келді.
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай аудан орталығында ардагерлер мен аға буын өкілдеріне арналған мерекелік басқосу ұйымдастырылды.
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/press/news/details/1317625?lang=kk