Үлкен Нарын ауданында Республика күніне арналған «Қастерлі Отан – Қазақстан!» атты салтанатты жиын мен концерт өтті.

Үлкен Нарын ауданында Республика күніне арналған «Қастерлі Отан – Қазақстан!» атты салтанатты жиын мен концерт өтті.

Үлкен Нарын ауданында Республика күніне арналған «Қастерлі Отан – Қазақстан!» атты салтанатты жиын мен концерт өтті. Мереке аясында Жинақтаушы Жасанды интеллект жылына орай мектеп оқушылары мен педагогтердің робототехника және бағдарламалау саласындағы инновациялық жобаларының көрмесі ұйымдастырылды.
​Аудан әкімі Елдос Байрахметов құттықтау сөз сөйлеп, сандық технологиялардың маңыздылығына, 2026 жылғы 15 наурыздағы референдумда қабылданып, 1 шілдеде күшіне енген жаңа Конституцияның тарихи мәніне тоқталды. Сонымен қатар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген тұрғындарға алғыс білдірді.
​Салтанатты шара барысында бірқатар азаматтар марапатталды:

  • ​Раушан Сайлыбаева — «Қазақстан Республикасы Парламентіне 30 жыл» мерекелік медалі.
  • ​Тамара Айдарбаева — Облыс әкімінің Құрмет грамотасы.
  • ​Александр Чистяков, Гүлсім Қожағұмарова — Облыс әкімінің Алғыс хаттары.
  • ​Қаныбек Үзгітинов — Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі.
  • ​Жанар Әбілғажинова — Үлкен Нарын ауданы әкімінің Құрмет грамотасы.
  • ​Архат Ахмеров, Мақпал Мұқажар, Дәулет Қадыр — Аудан әкімінің Алғыс хаттары.
  • ​Бағдат Рахимова — Республикалық ардагерлер ұйымы Орталық кеңесі төрағасының Алғыс хаты.


​Мерекелік жиын жергілікті өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдардың концертімен аяқталды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ulken-naryn/press/news/details/1317580?lang=kk