Елімізде жыл сайын қазан айының соңғы жексенбісінде Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні атап өтіледі. Бүгінде Ақтөбе облысында осы салада 2 мыңнан астам маман еңбек етеді. Олардың қатарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының, Еңбек мобильділігі, үйде қызмет көрсету бөлімдерінің, отбасын қолдау және белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының қызметкерлері, сондай-ақ қиын жағдайға тап болған азаматтарға, мүгедектігі бар адамдарға және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсететін мамандар бар. Олардың еңбегі – үлкен жауапкершілікті, мейірімділік пен жанашырлықты талап ететін, жүрек қалауымен атқарылатын ізгі іс.
Ақтөбе облысында әлеуметтік қорғау саласында 2 мыңнан астам маман еңбек етеді
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-social/press/news/details/1317576?lang=kk