ҚЫРАН ЕЛІМ – ҚАЗАҚСТАНЫМ!

ҚЫРАН ЕЛІМ – ҚАЗАҚСТАНЫМ!

Н.Байғанин атындағы аудандық мәдениет үйінде 25 қазан – Республика күніне орай «Қыран елім – Қазақстаным» салтанатты шара концерт өтті.

Шара барысында көрермендер назарына егемендіктің маңызын айқындайтын театрландырылған әдеби-музыкалық-хореографиялық композиция ұсынылды.

Аудан әкімі А.Жақсылықов құттықтау сөз сөйлеп, жиналған қауымды ұлттық мерекемен құттықтады.

«Құрметті жерлестер! Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – еліміздің егемендігін айшықтайтын, бірлігіміз бен ынтымағымызды нығайтатын ұлық мереке. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Әр шаңыраққа бақ-береке, молшылық пен қуаныш тілеймін. Еліміздің мерейі үстем, Қазақстанымыздың болашағы жарқын болсын!» – деді аудан әкімі.

Сондай-ақ аудан басшысы мерекелік шара аясында бірқатар азаматтарды елеулі еңбегі мен ауданның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі үшін марапаттады.

Республика күні – ұлттық бірегейлігімізді нығайтып, елдік құндылықтарымызды ұлықтайтын маңызды мереке.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-temir/press/news/details/1317528?lang=kk