Сіздерді ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
25 қазан – бұл егемендігіміздің негізі қаланып, Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихы басталған аса маңызды күн. Бұл мереке біздің тұтастығымыздың, елдігіміз бен еркіндігіміздің айшықты символы болып табылады.
Карабалық ауданының әрбір тұрғыны өз еңбегімен, білімімен және патриоттық сезімімен туған өңіріміздің, сондай-ақ тұтас мемлекетіміздің дамуына өзіндік үлесін қосып келеді. Өңіріміздегі береке мен бірлік, тұрақтылық пен өркендеу – сіздердің тынымсыз еңбектеріңіздің нәтижесі.
Осы айтулы мерекеде сіздерге және отбасыларыңызға берік денсаулық, бақ-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін! Тәуелсіз мемлекетіміздің тұғыры биік, болашағы жарқын болсын!