Республика күніне орай Астана қаласының денсаулық сақтау саласының бірқатар өкілі мемлекеттік наградалармен марапатталды.

№ 1 көпбейінді қалалық аурухананың директоры Сарсенбаев Ербол Жақсылықұлы «Құрмет» орденімен марапатталды.

№ 2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының директоры Кулушева Гүлнар Ережеевна «Құрмет» орденімен марапатталды.

Қалалық фтизиопульмонология орталығы директорының медициналық бөлім жөніндегі орынбасары Дакенова Жанна Қабытайқызы «Шапағат» медалімен марапатталды.

Астана қаласындағы № 4 қалалық емхананың педиатрия бөлімшесінің аға мейіргері Агимова Алима Кушербаевна «Парасат» медалімен марапатталды.

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Алдабергенова Салтанат Ахметхановна  «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

№ 9 қалалық емхананың директоры Смагулова Сауле Каулешевна «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрмет атағы берілді.

Мемлекеттік наградалар – медицина қызметкерлерінің кәсіби еңбегі мен денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан үлесінің лайықты бағасы. Әріптестерімізді құттықтап, алдағы жұмыстарына табыс тілейміз!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uoz/press/news/details/1317323?lang=kk