V Азия Пара ойындары: волейболды отырып ойнаудан Қазақстан командасы күміс жүлдегер атанды

V Азия Пара ойындары: волейболды отырып ойнаудан Қазақстан командасы күміс жүлдегер атанды

Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында волейболды отырып ойнаудан Қазақстан ұлттық құрамасы күміс медаль иеленді.

Финалдық кездесуде қазақстандық спортшылар Иран құрамасымен кездесіп, ойын 0:3 есебімен аяқталды. Осылайша, ұлттық команда Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды. Ал қола жүлдені Ирак құрамасы иеленді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1317272?lang=kk