Қазақстан пара велоспорттан Азия Пара ойындарында тағы екі алтын және екі күміс медаль жеңіп алды

Қазақстан пара велоспорттан Азия Пара ойындарында тағы екі алтын және екі күміс медаль жеңіп алды

23 қазанда өткен тасжолдағы жарыста B класында ерлер арасында 65 шақырымдық қашықтықта Наиль Ермұханбет пен оның пилоты Руслан Әлиев 2 сағат 1 минут 21 секунд нәтижемен алтын медаль иеленді. Ал Кирилл Илюкевич пен пилоты Глеб Бруссенский 2 сағат 11 минут 42 секунд нәтижемен күміс жүлдегер атанды.

Әйелдер арасында 55 шақырымдық қашықтықта Анастасия Калаус пен пилоты Полина Братчикова 2 сағат 5 минут 47 секунд нәтижемен алтын медаль жеңіп алды. Жұлдыз Қайнарова мен пилоты Анжелла Соловьева 2 сағат 9 минут 43 секунд нәтижемен күміс жүлдегер атанды.

Осылайша, V Азия Пара ойындарының жетінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасының қоржынындағы жалпы жүлде саны 47 медальға жетті. Оның ішінде 12 алтын, 15 күміс және 20 қола медаль бар.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1317267?lang=kk