Ауа райының нашарлауына, сулы қардың жаууына, ауа температурасының төмендеуіне және көктайғақтың пайда болу қаупіне байланысты мына автомобиль жолының учаскесінде жазғы шиналармен жабдықталған жеңіл автокөліктердің, жолаушылар көлігінің және ірі габаритті көлік құралдарының қозғалысына шектеу енгізілді:
KАЗ07 «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан қаласын айналып өту арқылы – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы (Үрлітөбе өткізу пункті)» автомобиль жолы.
587–733-шақырымдар аралығы (Павлодар облысының шекарасынан Семей қаласына дейін).
Полиция жүргізушілерді қауіпсіздік шараларын сақтауға, ауа райы жағдайын ескеруге, жазғы шиналармен жолға шықпауға және ауа райы жақсарғанға дейін алыс жолға шығудан мүмкіндігінше бас тартуға шақырады.
Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар! Жол қауіпсіздігі әрқайсымызға байланысты.
Абай облысы Полиция департаменті ескертеді!
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1317248?lang=kk