Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары!
Ауа райының қолайсыздығына, қар аралас жаңбыр мен көктайғаққа байланысты жолдарда жүру қауіпті болуы мүмкін.
Жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз:
- Жылдамдықты төмендетіңіздер;
- Көлік құралдары арасындағы қауіпсіз арақашықтықты сақтаңыздар;
- Кенеттен тежеу мен қауіпті маневрлерден аулақ болыңыздар;
- Қысқы жол жағдайына сай көлік жүргізіңіздер;
- Аса қажеттілік болмаса, алыс жолға шықпаңыздар.
Жолға шығар алдында көлігіңіздің техникалық жағдайын тексеріп, ауа райы болжамы мен жол жағдайы туралы ақпаратқа назар аударыңыздар.
Жолдағы қауіпсіздік — әрқайсымыздың жауапкершілігіміз!
Өз өміріңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігін сақтаңыздар! Жолдарыңыз болсын!
АБАЙ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЕСКЕРТЕДІ!
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1317247?lang=kk