Абай облысында алкогольдік масаң күйде көлік басқарған кезекті жүргізушінің жолы кесілді.
Бұл жолы полиция назарына Семей қаласының 36 жастағы тұрғыны іліккен. Ол BMW-320 автокөлігін мас күйде басқарған Семей қаласының тұрғыны Мустафин Қанат болып шықты.
Салдары көп күттірмеді.
Сот шешімімен ол 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Мас күйде рөлге отыру — тек өз өміріңді қатерге тігу емес, жолдағы жазықсыз жандардың тағдырына қауіп төндіру.
Рөлге мас күйде отырған адам жолдағы қауіпке айналады. Ал заң алдында көліктің маркасы да, жүргізушінің кім екені де артықшылық бермейді.
АБАЙ ОБЛЫСЫНДА КЕЗЕКТІ МАС ЖҮРГІЗУШІ ТОҚТАТЫЛДЫ: BMW-320 ТІЗГІНІНДЕГІ ЖАУАПСЫЗДЫҚТЫҢ ҚҰНЫ — 7 ЖЫЛ
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1317242?lang=kk