ҚР Қаржы министрі Мәди Такиевтің Республика күніне арналған құттықтауы

ҚР Қаржы министрі Мәди Такиевтің Республика күніне арналған құттықтауы

Қымбатты отандастар!

Баршаңызды келе жатқан 25 қазан – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Республика күні – зайырлы мемлекетімізді нығайту жолындағы тарихи белес, тәуелсіздіктің тұғырын айшықтайтын ұлттық мереке.

Бұл күні ел тарихындағы маңызды саяси құжат – Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданып, Қазақстанның тәуелсіздігіне жол ашылды. Егемендік декларациясы мемлекетіміздіңқаржы-экономикалық әлеуетін нығайтып, ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етті. Елдігіміздің еңсесін көтеріп, абыройымызды асырды. Ұлттық экономикағатың серпін беріп, мемлекеттік қаржы жүйесініңқалыптасуына септігін тигізді .

Басты жетістігіміз – халқымыздың ынтымағы нығайды, қоғамда келісім мен тұрақтылық орнады.

Осы орайда әрбір қазақстандыққа бейбіт өмір, бақытты болашақ, береке-бірлік пен мол табыс тілеймін!

Тәуелсіз еліміздің мәртебесі асқақтай берсін! Құрметпен,

ҚР Қаржы министрі 

Мәди ТАКИЕВ

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1317228?lang=kk