Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты жиын Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасында өтті

Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты жиын Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасында өтті
Қазақстан Республикасы күнін мерекелеу қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасында еліміздің маңызды мемлекеттік мерекелерінің біріне арналған салтанатты жиын өтті. 
 
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы күнінің тарихи маңызы, қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуы, тәуелсіздікті нығайту және халық бірлігін сақтау жолындағы рөлі атап өтілді.
 
Прокуратура қызметкерлері ұлттық құндылықтарды сақтау, ел тарихына құрметпен қарау, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жолында қызметтік міндеттерін адал атқарудың маңыздылығын атап өтті.
 
Мұндай іс-шараларды өткізу патриотизмді нығайтуға, азаматтық жауапкершілікті арттыруға және ұрпақтар сабақтастығын сақтауға ықпал етеді.
 
Салтанатты жиын соңында қатысушыларға қызметтік қызметте табыс, амандық-саулық және Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы еңбектеріне толағай жетістіктер тілектілді.
 
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1317132?lang=kk