Сырым ауданының бөлім қызметкерлері «Балдырған» балабақшасында «Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында танымдық сабақ ұйымдастырды.
Іс-шара барысында бүлдіршіндерге мультфильмдегі кейіпкерлер арқылы өрт қауіпсіздігінің негізгі қағидалары, үйде және көшеде қауіпсіз жүріп-тұру, төтенше жағдай туындаған кездегі іс-қимыл тәртібі түсіндірілді.
Мұндай іс-шаралар балалардың ерте жастан өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға және маңызды қауіпсіздік ережелерін қолжетімді әрі қызықты түрде бекітуге көмектеседі.