2026 жылдың 23 қазан күні Әділет департаментінде Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

2026 жылдың 23 қазан күні Әділет департаментінде Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

   Іс-шара барысында Департамент басшысы қызметкерлерді ұлттық мерекемен құттықтап, олардың заңдылықты қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ әділет органдарының алдына қойылған міндеттерді орындау жолындағы еңбегінің маңыздылығын атап өтті.

Мерекеге орай қызметтік міндеттерін тиісінше орындап, кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген қызметкерлерге грамоталар табыс етілді.

Іс-шара қызметкерлердің кәсіби жетістіктерін атап өтуге және мемлекеттік қызметтің маңыздылығын дәріптеуге бағытталды.

 

 

Ақтөбе облысы
әділет департаментінің
баспасөз қызметі

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-akt/press/news/details/1317097?lang=kk