Жуалы ауданында өрт-тактикалық сабақ өткізілді

Жуалы ауданында өрт-тактикалық сабақ өткізілді

Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің Б. Момышұлы ауылындағы №7 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері №16 кәсіптік колледж ұжымымен бірлесіп өрт-тактикалық сабақ өткізді.

Практикалық сабақ барысында өрт кезіндегі қауіпсіздік шараларына, адамдарды эвакуациялау тәртібіне, сондай-ақ өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекет ету дағдыларын жетілдіруге ерекше назар аударылды.

Іс-шараның ұйымдастырылуы мен маңыздылығы жөнінде бөлім бастығының міндетін уақытша атқарушы, азаматтық қорғау майоры Қ. Мықтыбеков атап өтті.

Осындай бірлескен іс-шаралар өрт қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыруға, төтенше жағдайлардың алдын алуға, сондай-ақ білім беру нысандарындағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Жамбыл облысы ТЖД

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1317088?lang=kk