ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

Түркістан облысының прокуратурасы қызметкерді жоғары тұрған басшылық лауазымға ұсыну мәселесін шешу үшін жоспардан тыс аттестаттау жариялайды (ҚР БП 16.04.2025ж. №50 бұйрығы).

Жоспардан тыс аттестаттауға қатысуға ниет білдірген қызметкерлер  хабарландыру жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей кадр жұмысы басқармасына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баянат тапсыруы қажет. 

Жоспардан тыс аттестаттау бірқатар дәйекті кезеңдерді:

1. Жоспардан тыс аттестаттауды өткізуге дайындықты;

2. Қызметкерге психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеу жүргізуді; 

3. Полиграфологиялық зерттеу жүргізуді;

4. Аттестаттау комиссиясы өткізетін қызметкермен әңгімелесу; 

5. Аттестаттау комиссиясының шешімін шығаруын қамтиды.

Соңғы үш жыл ішінде полиграфологиялық (қызметтік тергеп-тексеру шеңберінде полиграфологиялық зерттеулерді қоспағанда) және психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізілген қызметкер бірден әңгімелесу кезеңіне жіберіледі.

Келесі қызметкерлер жоспардан тыс аттестаттауға жіберілмейді:

1. Басшы лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін;

2. Алынбаған тәртіптік жазалары бар;

3. Оларға қатысты қызметтік не сотқа дейінгі тергеп- тексеру жүргізіліп жатқан қызметкерлер.

 Түркістан облысы прокуратурасының Кадр жұмысы басқармасы

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-turkestan/press/news/details/1316976?lang=kk