Республика күніне орай Рахат ауылдық округінде мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Республика күніне орай Рахат ауылдық округінде мерекелік концерт ұйымдастырылды.
 
*РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!*
Республика күніне орай Рахат ауылдық округінде мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мерекелік шара барысында патриоттық әндер шырқалып, еліміздің жетістіктері мен тәуелсіздіктің маңыздылығы дәріптелді.
 
Іс-шара аясында ауылдық округтің қоғамдық өміріне белсене араласып, ел игілігі жолында еңбек етіп жүрген бірқатар округ белсенділеріне алғыс білдіріліп, марапаттар табысталды.
*Республика күні – елдігімізді айшықтап, бірлігімізді бекемдейтін маңызды мереке.*
 
Осы айтулы күнде барша тұрғындарға амандық, отбасыларына бақ-береке, еңбектеріне табыс тілейміз!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-rahat/press/news/details/1316975?lang=kk