Жамбыл облысында Республика күніне орай үздік полиция қызметкерлері марапатталды

Жамбыл облысында Республика күніне орай үздік полиция қызметкерлері марапатталды

Жамбыл облысында Республика күніне орай үздік полиция қызметкерлері марапатталды

Жамбыл облысы Полиция департаментінде ұлттық мереке – Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Мерекелік жиында жеке құрамға Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Сәденовтің құттықтау жеделхаты оқылды.

Сондай-ақ қызметтік міндеттерін мінсіз атқарып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқан бірқатар полиция қызметкері ведомстволық наградалармен марапатталды.

Іс-шара аясында жас қызметкерлер Отанға адал қызмет етуге салтанатты түрде ант қабылдады. Бұл – олардың полиция қатарындағы қызмет жолындағы маңызды кезең әрі халық алдындағы жауапкершіліктің айқын көрінісі.

Мерекелік шара патриоттық концерттік бағдарламамен жалғасып, өнерлі полиция қызметкерлері және жас сақшылар отансүйгіштік рухтағы әндерін орындады.

🇰🇿Республика күні – елдігімізді айшықтап, тәуелсіздігімізді ұлықтайтын, ұлттық рухымызды асқақтататын мереке!

#РеспубликаКүні #ЗаңменТәртіп #ЖамбылПолициясы

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhambyl/press/news/details/1316942?lang=kk