ОСАКАРОВ АУДАНЫНЫҢ ӨНЕРПАЗДАРЫ «БҰҚАРЕКЕҢ ЖЫРЛАЙДЫ» БАЙҚАУЫНДА!

ОСАКАРОВ АУДАНЫНЫҢ ӨНЕРПАЗДАРЫ «БҰҚАРЕКЕҢ ЖЫРЛАЙДЫ» БАЙҚАУЫНДА!

Осакаров ауданының өкілдері ұлы қазақ жырауы Бұқар жырау Қалқаманұлының мұрасына арналған «Бұқарекең жырлайды» облыстық байқауында аудан намысын абыроймен қорғады.
Жайнагүл Мұратбек «Бұқар жырауша» номинациясында авторлық «Бұқарға арнау» және «Сарыарқам — дәрім, арқам!» шығармаларын орындап, I орынға ие болды.
 Сондай-ақ облыстық кезеңде ауданымыздың атынан Төлеуекелді Дариға «Заман-ай» шығармасын, ал Хайрол Қадыр Бұқар жыраудың «11 тілек» атты философиялық толғауын орындады.
Байқау қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды. Ал жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.
Қатысушылардың жетекшісі — Сайран Әтретхан.
 Өнерлі жерлестерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, шабыт және ұлттық мәдени мұрамызды дәріптеу жолында жаңа жеңістер тілейміз!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/ovp-osakarovka/press/news/details/1316897?lang=kk