Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала береді.

Жоғары сапалы мемлекеттiк қызметтерге барлығына ашық және тең қол жеткiзу мемлекеттiк басқару органдарының алдына қойылған негiзгi мiндеттердiң бiрi болып табылады.

Жергілікті атқарушы органдар көрсететін барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.

Халықтың мемлекеттік қызметтерге тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында «Сарыкөл ауданы Тимирязев ауылы  әкімінің аппараты» ММ ғимаратында мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық стенд жұмыс істейді, сондай-ақ тақырыптық буклеттер мен брошюралар орналастырылған.

Әкім аппаратының мамандары ауылы тұрғындары арасында кейіннен «электрондық үкімет» порталы - egov.kz. арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны алу қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді.

Бұдан басқа, ресми интернет-ресурста «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі жұмыс істейді, онда көрсетілетін қызметтер туралы өзекті ақпарат орналастырылған.

Халыққа ыңғайлы болу үшін қызметтерді алу процесін жеңілдету және аудан орталығына бару қажеттілігін болдырмау мақсатында  ауылда  әкімінің аппаратында заң кеңсесі орнатылған, оның көмегімен әрбір азамат электрондық қызметті дербес не ауылдық  әкімі аппараты қызметкерлерінің көмегімен ала алады.

Сондай-ақ, мамандар «Kaspi» және «Halyk» мобильдік қосымшалары арқылы халыққа салық және коммуналдық қызметтерді төлеуде көмек көрсетеді.

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-sarykol-timiryazev/press/news/details/1316891?lang=kk