2026 жылғы 23 қазанда Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшілігінде Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Найробидегі БҰҰ кеңсесі жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықовтың брифингі өтті. Іс-шара Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық бастамаларына, сондай-ақ қазақ-кения ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларына бағытталды.
Іс-шара 25 қазанда атап өтілетін Қазақстан Республикасы күнінің 35 жылдығына орай ұйымдастырылды. Брифингке Кенияның мемлекеттік органдарының, іскер топтарының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Брифинг барысында Елші Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарына шолу жасап, еліміздің бейбітшілік пен қауіпсіздік, конфессияаралық диалог, орнықты даму және қоршаған ортаны қорғау салаларындағы халықаралық бастамалары туралы баяндады.
2026 жылғы 19–20 мамырда Кения Президенті Уильям Рутоның Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындыларына ерекше назар аударылды. Аталған сапар барысында мемлекет басшыларының Бірлескен мәлімдемесі қабылданып, сауда, инвестициялар, көлік және логистика, тау-кен өнеркәсібі, ғарыштық технологиялар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және туризм салаларын қамтитын 10 екіжақты құжатқа қол қойылды.
Брифинг қол жеткізілген уағдаластықтарды талқылауға, достық қарым-қатынастарды одан әрі нығайту, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және Қазақстан мен Кения арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту перспективаларын қарастыруға арналған алаң болды.