24 Қазанда Республика күніне орайластырылған облыстық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

24 Қазанда Республика күніне орайластырылған облыстық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

 

2026 жылғы 24 қазанда Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі – Республика күні қарсаңында Көкшетау қаласындағы «ЦУМ» сауда үйінің алаңында кең ауқымды ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі.

Жәрмеңкеге Ақмола облысының 8 ауданы – Аршалы, Бұланды, Біржан Сал, Егіндікөл, Есіл, Қорғалжын, Сандықтау, Шортанды аудандары, сондай-ақ Қосшы, Степногорск қалалары қатысады.

Жәрмеңке аясында барлығы 50 павильоннан тұратын 100 сауда орны ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, «НК СПК Kokshe» АҚ тұрақтандыру қоры арқылы бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары төмендетілген бағамен ұсынылады. Атап айтқанда: сиыр еті, 1-сортты ұн, қант, күріш, тұз, күнбағыс майы, макарон өнімдері, картоп және сәбіз.

Жәрмеңкеге облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысады. Олардың қатарында: «ҚазГер Құс» ЖШС, «Ижевский» ӨК, «Макинская птицафабрика» ЖШС, «Компания Алтын- Қазық» ЖШС, «Aitas RTC» ЖШС,  «Целин Агро Трейд» ЖШС және басқа да кәсіпорындар бар.

Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері тұтынушыларға жалпы көлемі 250 тоннадан астам 30-дан астам түрлі өнім түрін ұсынады, оның ішінде:

  • ет және шұжық өнімдері – 50 тонна;
  • жаңа ауланған балық және балық өнімдері – 4 тонна;
  • тағамдық жұмыртқа – 250 мың дана;
  • сүт және сүт өнімдері – 25 тонна;
  • ұн – 6 тонна;
  • картоп және көкөніс өнімдері – 40 тоннадан астам;
  • жарма өнімдері – шамамен 2 тонна;
  • өсімдік майы – 2 мың литр.

Бұдан бөлек, жәрмеңке барысында отын, көшет материалдары және басқа да маусымдық тауарлар ұсынылады.

Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – тұрғындарды отандық ауыл шаруашылығы өнімдерімен тікелей қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын қолжетімді бағамен ұсыну.

Барлық өнімдер нарықтағы орташа бағадан 10–15%-ға төмен бағамен сатылады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/1316772?lang=kk