25 ҚАЗАН -РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ!

25 ҚАЗАН -РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ!

     🔸Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясында салтанатты жиын ҚР әнұранымен бастау алып, Тексеру комиссиясының төрағасы Мұса Оспанұлы ұлттық мерекенің маңыздылығын атап, мекеме қызметкерлерін құттықтады.

     🔸Республика күні мерекесі құрметіне орай, ҚР Жоғары аудиторлық палатасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласының үздігі» медалімен Тексеру комиссиясының мүшесі Абдрахманов Ербол Мұсаұлы,

     🔸ҚР Жоғары аудиторлық палатасының «Қаржы сақшысы» медалі және «Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының 15 жылдық» мерекелік медальмен Тексеру комиссиясы бас инспектор - мемлекеттік аудиторы Умаров Рахымжан Серікбайұлы,

     🔸Қызылорда облысы әкімінің «Алғыс хатымен» Тексеру комиссиясы бас инспектор - мемлекеттік аудиторы Садыкова Света Бақытбекқызы,

     🔸Қызылорда облысы әкімінің «Алғыс хатымен» Тексеру комиссиясы бас инспектор - мемлекеттік аудиторы Аханова Жанна Жолдыбайқызы,

     🔸Қызылорда облысы әімінің «Алғыс хатымен» Тексеру комиссиясы бас инспекторы Алибекова Бибінұр Жарылқасынқызы,

     🔸«Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының 15 жылдық» мерекелік медальмен Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит бөлімінің басшысы Ниеталиев Берік Саңғылбайұлы марапатталды.

     🔸Салтанатты жиында тексеру комиссиясының мүшесі Сакен Қуанышұлы 25 қазан - Республика күні Ұлттық мерекесі туралы баяндама жасап, тексеру комиссиясының мүшесі Нұрғали Рахымшаұлы мен бас инспектор-мемлекеттік аудитор Света Бақытбекқызы әріптестерін мерекемен құттықтады.
     МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/revkomkyzylorda/press/news/details/1316696?lang=kk