«Шу мұнай өнімдері» ЖШС нысанында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

«Шу мұнай өнімдері» ЖШС нысанында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

Шу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері «Шу мұнай өнімдері» ЖШС нысанында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді.

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – өрт сөндіру бөлімшелерінің жедел әрекет ету дайындығын арттыру, жеке құрамның кәсіби дағдыларын жетілдіру және өртті сөндіру кезіндегі іс-қимылдарды пысықтау.

Жаттығу барысында шартты өртті оқшаулау және сөндіру, күштер мен құралдарды тиімді пайдалану, сондай-ақ нысан қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді.

Мұндай оқу-жаттығулар төтенше жағдайлардың алдын алуға және өрт болған жағдайда жедел әрі үйлесімді әрекет етуге дайындықты күшейтуге мүмкіндік береді.

Жамбыл облысы ТЖД

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1316677?lang=kk