Үш метрлік тұзақ: құтқарушылар қошқарды құтқарды

Үш метрлік тұзақ: құтқарушылар қошқарды құтқарды

Бүгін таңертең Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Аса ауылы маңында қошқар тереңдігі шамамен үш метр болатын шұңқырға құлап кеткен.

Оқиға орнына ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жедел жетті. Олардың үйлесімді әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында жануар шұңқырдан аман-есен шығарылды.

ТЖМ құтқарушылары төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласып, көмекке уақтылы жүгіну қажеттігін еске салады.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube

Жамбыл облысы ТЖД

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1316642?lang=kk