Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында іс-шаралар тұрақты жүргізілуде.

Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында іс-шаралар тұрақты жүргізілуде.

Мемлекеттік қызметшілер арасындағы сыбайлас жемқорлық пен өзге де көріністердің алдын алу және оларға жол бермеу шеңберінде 2026жылдың 22 қазанында Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №43 мекемесіне экскурсия өткізілді.
Маңғыстау облысының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаментінің және Ақтау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мемлекеттік қызметшілерін №43 мекемесінің шарттарымен таныстырды.
Осы іс-шараның мақсаты -мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру және оларды сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдарымен таныстыру.
Түзеу мекемелеріне бару тәжірибесі түрлі құқықбұзушылықтардың алдын алуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-mangistau/press/news/details/1316619?lang=kk