Кәсіптік оқытуды ұйымдастыруға ниетті жұмыс берушілерден өтінімдер қабылданады

Кәсіптік оқытуды ұйымдастыруға ниетті жұмыс берушілерден өтінімдер қабылданады

📢 Құрметті Шымкент қаласының жұмыс берушілері!

2026 жылғы 31 қазанға дейін қызметкерлерді кәсіптік оқытуды ұйымдастыруға өтінімдер қабылданатынын хабарлаймыз.

📌 Кәсіптік оқыту мынадай форматтарда ұйымдастырылады:
✅ жұмыс орнында;
✅ білім беру ұйымдарында.

🗓️ Өтінімдер 2027 қаржы жылына арналған жоспар бойынша № 231 бұйрыққа сәйкес Enbek.kz порталы арқылы қабылданады.

📍 Қосымша ақпарат алу үшін аудандық мансап орталықтарына хабарласуға болады.

Мансап орталықтарының мекенжайлары:

▪️ Қаратау және Еңбекші аудандары: Астана шағынауданы, 106.

▪️ Абай және Тұран аудандары: Арғынбеков көшесі, 243/3.

▪️ Әл-Фараби ауданы: Тәуке хан даңғылы, 6.

🤝 Қызметкерлеріңіздің кәсіби біліктілігін арттыру мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-zhumys-aleumettik-korgau/press/news/details/1316611?lang=kk