Кеңес барысында өңірдегі эпидемиологиялық ахуал және жоспарлы профилактикалық екпелермен қамтылу деңгейі, жедел ішек инфекциясы және тағамнан улану жағдайларының алдын алу іс-шаралары туралы баяндалды.
Кеңесте жүргізілген бақылау–қадағалу жұмыстарының, оның ішінде тексерулердің орындалу барысы, обаға және басқада аса қауіпті инфекцияларға зерттеу қорытындылары, зертханалық тексерулермен мемлекеттік тапсырыстың жүзеге асырылуы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері қаралды.
Сондай-ақ басқарма басшыларымен ағымдағы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары баяндалып, басқарма қызметіндегі өзекті мәселелер талқылады.
Сонымен қатар, прокуратура органдарының ұсынымдарының талаптары, бақылау –қадағалау жұмыс қорытындылары бойынша жедел ден қою шараларын, әкімшілік шараларын қолдану мәселелері талқылады.
Кеңес соңында қаралған мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар беріліп, олардың орындалуын бақылауға алу тапсырылды.
2026 жылғы 16 қазанда Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстардың қорытындылары бойынша кеңес өтті.
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-mangistau/press/news/details/1316608?lang=kk