2026 жылғы 20 қазанда Ақмола облысының Әділет департаментінің қызметкерлері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Ақмола облысы бойынша филиалының аудандық және қалалық АХАТ бөлімдерінің қызметкерлерімен азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру Қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша онлайн-семинар өткізді.
Семинар барысында Қағидаларға енгізілген жаңа түзетулерге байланысты сұрақтар талқыланды.
Департамент тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, тиісті түсіндірмелер ұсынылды.
Ақмола облысының
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі
Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру Қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша семинар
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-akm/press/news/details/1316523?lang=kk