Қаратал ауданының балуандары облыстық турнирде топ жарды!

Қаратал ауданының балуандары облыстық турнирде топ жарды!

2026 жылғы 19–21 қазан күндері Текелі қаласында Жетісу облысының бұқаралық спортты дамыту және спорттық іс-шараларды өткізу спорт клубының қызметкерлері арасында қазақ күресінен облыстық турнир өтті.

Ұлттық спортты дәріптеу және қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған жарысқа облыстың 8 ауданы мен 2 қаласынан 32 палуан қатысты.

Тартысты белдесулер нәтижесінде Қаратал ауданының намысын қорғаған палуандарымыз жоғары нәтиже көрсетті:

🥇 74 кг салмақ дәрежесінде Маралбеков Досхан І орын иеленді.

🥇 90 кг салмақ дәрежесінде Нұрғазы Азатбек І орынға ие болды.

🏆 Жалпы командалық есепте Қаратал ауданы І орынды иеленіп, жеңімпаз атанды!

Жеңімпаз әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, ауданымыздың мерейін үстем ете беріңіздер!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal/press/news/details/1316462?lang=kk