Шымкент қаласы №25 мектептің «Жас сақшы» сыныбының оқушылары Жедел басқару орталығына танымдық саяхат жасады.
Оқушылар орталықтың жұмысымен танысып, бейнебақылау жүйелерінің мүмкіндіктері, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар туралы ақпарат алды.
Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан жауап алды. Мұндай іс-шаралар жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, заңға құрметін қалыптастыруға және полиция қызметіне қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
«Жас сақшы» оқушылары Жедел басқару орталығымен танысты
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1316459?lang=kk