Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді еліміздің ең қастерлі мерекелерінің бірі - Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Республика күні - тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайтып, елдігімізді айшықтайтын, бірлігіміз бен ынтымағымызды дәріптейтін ұлық мереке.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Әр шаңыраққа бақ-береке, отбасыларыңызға амандық, елімізге өркендеу мен жарқын болашақ тілейміз!

 

Ізгі тілекпен,

Целиноград аудандық мәслихатының аппараты

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-celinograd/press/news/details/1316392?lang=kk