Шығыс Қазақстан облысының туристік аймақтарындағы көлік-логистикалық және инженерлік инфрақұрылымды дамыту туралы

Шығыс Қазақстан облысының туристік аймақтарындағы көлік-логистикалық және инженерлік инфрақұрылымды дамыту туралы

Көлік қолжетімділігі және жол шаруашылығы

  • Шеткері аумақтардың көлік-логистикалық қолжетімділігін дамыту шеңберінде Катонқарағай және Зайсан аудандарында әуежайлар құрылысын аяқтау жұмыстары жүргізілуде.

  • Шалқар көліне (3-ші Сибі көлі) кіреберіс автомобиль жолына автотұрақ аймағын кеңейтумен орташа жөндеу жұмыстары аяқталды.

  • «Шыбындыкөл көліне кіреберіс» автомобиль жолын ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды.

  • «Рахман қайнары» санаторийіне алып баратын автожол учаскесінде жөндеу жұмыстары аяқталды.

  • Осынов асуын айналып өту учаскесінде көпір құрылысы аяқталу сатысында.

Цифрландыру және байланыс

  • ШҚО Туристік картасына енгізілген 33 локацияның 31 объектісінде 2G стандартындағы дауыстық байланыс, 21 объектіде 3G/4G стандартындағы мобильді интернет қамтамасыз етілген.

  • Цифрландыру шеңберінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға (Катонқарағай МҰТП, Марқакөл МТЗ және Батыс Алтай МТЗ) Starlink спутниктік байланыс кешендері берілді.

Инженерлік инфрақұрылым және санитария

  • Ағымдағы жылы өңірдің жол бойындағы сервис объектілерінде қосымша 12 санитарлық-гигиеналық торап (СГТ) орнатылды. Қазіргі уақытта облыс бойынша 50 СГТ жұмыс істейді.

  • Жаңа Бұқтырма кентінде 20 км-ден астам жылу желілері ауыстырылды, ұзындығы 12 км электр беру желісі салынды және «Голубой залив» пен «Новая Бухтарма» қосалқы станцияларын қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1316339?lang=kk